Экспортқа экономикалық қана емес, геосаяси да қолдау керек
Орталық Азия аймағында Өзбекстан «Қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақтың» керін келтіріп отыратындығы белгілі. Әсіресе осы аймақтың көшбасшылығына келгенде таласы бар өзбек ағайынның қазаққа деген көзқарасы қылилау бола береді. Энергетика, су бойынша аяғымызға тұсау болып келген өзбектер бұл жолы экспортқа бағытталған жүк вагондарымыздың тізгініне қол салды. «Өзбек кеденшілері қазақстандық өнімдердің Экспортына жүйелі түрде кедергілер мен қиындықтар тудырып отырады», – деді осы аптада өткен Экспорттаушылар кеңесінің VI отырысында «Рахат» АҚ-тың президенті А.Попелюшко.